«Жақынына көмек" акциясы

«Жақынына көмек" акциясы

«Тәуелсіздік күні» қарсаңында М.Жұмабаев атындағы ж�...

«Тәуелсіздік күні» қарсаңында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж еріктілері «Жақынына көмек" акциясын өткізді. Еріктілер жалғызбасты әйел Малыгина Галина Григорьевнаға көмек көрсетті. Студенттер үйге екі-үш күнге жететіндей етіп көмір кіргізді, су әкеліп берді. Еріктілер қарт адамдарға көмек көрсетуге жан-тәнімен және жылулықпен қарайды. Галина Григорьевна риза болып, балаларға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Автор:
Амангельдинова  Жулдызай  Саятовна
редактор
Страница создана
16.12.2022
Дата обновления:
09.01.2023